Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Жүктілік

Жүктілік — ауру емес, бірақ болашақ ананың ағзасы қосарланған режимде жұмыс жасайды, әдеттегі өмір сүру салтына өз түзетулерін енгізеді және ақыл-оймен абайлап, басымдықты есепке алып бірнеше өзгерістер талап етіледі.

Ерте мерзімдерде жүктілікке бейімделуде дені сау әйелде де вегето-невротикалық ауытқушылықтар болуы мүмкін (әлсіздік, шаршағандық , құсудың болуы, лоқсу, сілекейдің ағуы, шиеленісті иіс сезімі, көңіл-күйдің бірден түсуі, жылауықтық). Жүктіліктің жылжу шамасы бойынша жатырдың ұлғаюымен және әйелдің барлық ағза жүйесіне (қыжыл, іш қату, несеп жүруінің жиіленуі, жүрек соғуы, аяқтардағы бұлшықет аурулары) плацентар гормондарының әсер етуімен байланысты симптомдар қосылады.  Босану жақындағанда алқыну, ісіктер,  арқадағы аурулар, және буындасу саласында, көңіл-күйдің жиі бұзылуы мазасыздандыруы мүмкін.

Жүктілік жағдайының негізгі ережесі сыртқы ортаның басқару факторларының әсер етуін ескерту болуы тиіс, ол көз жеткізілген немесе ұрыққа кері әсері бар. Ұрық қауіптілігін қамтамасыз ету  жүктіліктің алғашқы 8 аптасында –органогенездің белсенді кезеңінде ерекше маңызды. Дамудың критикалық кезеңіне жүктіліктің 15-20 аптасы жатады (бас миының күшті күшейтілген өсуі) және 20-24 апта (ұрық ағзасының негізгі қызметтік жүйесінің  қалыптасуы).

Өз жағдайының өзгерісі туралы косметологқа, маникюр және педикюр шеберлеріне, фитнес-нұсқаушыға, уқалаушы адамға және шаштаразға ертерек айту қажет, келесіде көптеген мәселелер қобалжушылық болмауына көмектеседі.

Жүктілік кезеңінде сондай-ақ лактация кезеңінде әйел ағзасында өтетін барлық өзгерістер босану стресіне және қан жоғалтуға дайындықтың соңғы мақсаты болады. Осыған байланысты жүктіліктің бірінші апталатырнда сәйкес сабақтарға бару қажет, оларды әйелдерге кеңес беру бөлімінің шарттары  бойынша өткізіледі.

Босануға физио-психикопрофилактикалық дайындық қамтиды:

● жеке әңгімелесулер мен лекциялар;

● арнайы жаттығумен топтық сабақтар;

● денсаулықты нығайту үшін табиғи факторларды (жарық, ауа, су) қолдану;

● жеке терапияны қолдану.

Жүктілік кезіндегі физио-психопрофилактикалық мақсаттар:

● ағзаның кедергісін арттыру;

● ағза әрекетінің жаңа шарттарында артқан талаптарға бейімделу;

● ұрықтың антенатальды қорғауы;

● жүктілікке ақыл-ой қатынасындағы әйелдердің дағдылануы, физиологиялық процесс ретінде босануды қабылдау;

● босану дағдыларына үйрету.

Жүктіліктің 3 кезеңі: 

· алғашқы кезең – бастапқы 13 аптасында денсаулыққа немесе түрлі жағдайларға байланысты түсік қауіпі кезігеді. 13 аптада 30 грамдай ғана тартатын шарананың басы, қолы, аяғы, саусақтары мен ішкі мүшелері, тіпті тіс төмпешіктері де болады. Алғашқы апталарда-ақ оның жүрегі соға бастайды, осыншама өзгеріс пен өте тез даму қарқыны болашақ анаға күтімді қажет етеді. 1000 грамға дейін өсетін баланың кірпік, қас, тырнағы өсіп, тыныс алу әрі жыныстық мүшелері дамиды. Ең бірінші қозғалысын анасы осы кезеңде сезеді, алдағы уақытта тебуі, аунап түсуі жиілей түседі. Бұл кезеңде бойы 35 см-ге дейін жеткен нәресте ұйықтап, жұтынып, тіпті кіші дәреті пайда болады.

· орта кезең – 14-26 апталардың соңына қарай анасының дене салмағы 7-8 кг қосуы қалыпты саналады. Бұдан көп болса, дәрігермен кеңесу керек. Себебі, салмақ қосатын күндер әлі алда.

· соңғы кезең – 27 – аптадан босанғанға дейін ананың аяғы күннен-күнге ауырлай түседі, бұл кезең – баланың жатырдағы даму барысын тамамдайтын, қарқынды түрде өсетін кез. Орташа есеппен нәресте 3-4 кг, 50-55 см болып туылады, орта салмақты аналар үшін 10-14 кг қосу қалыпты саналады. 32 аптада бала туылатын жағдайға бейімделіп, яғни, басы төмен орналасады.

Жалпы жүкті әйелдер тіркелмеген болса да, тұратын жеріне қарасты аумақтық емханаға есепке алынады. Жергілікті (телімдік) дәрігерге көрініп, акушер-гинекологқа есепке тұрады. Алдыңғы балалар шетінеген, түсік тасталған болса немесе қандай да бір гормондық, генетикалық үйлесімсіздіктің туындауынан секемденген жағдайда жоғары технологиялық мүмкіндіктері бар, жақсы жабдықталған арнайы мекемелерге қосымша қаралған артық емес. Жүктіліктің белгілі уақыттарында қажетті талдау, тесттер арқылы баланың жатырдағы даму барысын, проблемаларын бақылауға болады.

Ерте диагностика қай кезде де алдын алу шаралары үшін ең маңызды қадам болып табылады. Жүктілік мерзімі барысында әр кезеңде бір рет, яғни жүктіліктің қалыпты дамуы жағдайында дәрігердің шешімімен бас-аяғы 3 рет балаға ультрадыбыстық зерттеу жасату жеткілікті. Қаншалықты зиянсыз деп танылғанмен керексіз жасата беру де жөнсіз.

Жүкті болған кезде жеке бас гигиенасын сақтаудың үлкен маңызы бар. Күнделікті душ немесе ванна өте пайдалы, өйткені ол жүкті әйелге бәсеңсуге және денесін әсіресе жыныс органдарын тазалықта ұстауға, мүмкіндік береді. Өте ыстық ваннаға түсуге болмайды, сондай-ақ бұл кезеңде ыстық моншаға барудан бас тарткан дұрыс. Жүкті әйелдің киімі мен аяқ киімі қолайлы және денесін, әсіресе кұрсақ көлемін қыспауы қажет. Бұл кезеңде емшек тартқышқа (бюсгальтерге) үлкен мән беріледі. Жайшылықта жүкті кезде әйелдердің кеудесі өседі, сондықтан емшек тартқыш емшектің көлеміне сай болуы керек. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың дұрыс жағдайын сақтау және құрсақтың алдыңғы қабатының қатты созылуының алдын алу үшін бандажды пайдалану ұсынылады. Бандажды дұрыс пайдалану туралы кеңесті дәрігерден алуға болады.

Алғашқы 4-5 айда арнайы киімге қажеттілік болмағанмен, 5 айдан кейін киім тарыла бастайды. Жүкті әйелдің өзін жақсы сезінуі үшін арнайы, әдемі, жарасымды киім киуі керек. Жүкті әйелдің киімі белі жоғары әрі кең тігілген, кеудесі қыспайтын, қозғалысқа ыңғайлы болуы дұрыс. Матасы мақта, бөз секілді табиғи өнімдерден, яғни мүмкіндігінше, синтетикалық бұйымдарды қолданбаған жөн. Жүктіліктің қалыпты жағдайында барлық дәрігерлер жыныстық қатынастарға рұқсат береді. Бірақ, жүктілік мерзімі ұзарғанда іштің үлкендігі кейбір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде дәрігермен кеңескен дұрыс. Жүктілік кезінде шамадан тыс шаршап-шалдықудың үлкен маңызы бар, ауыр салмақты көтеруге және алып жүруге, дененің сілкінуіне байланысты жұмысты атқаруға болмайды.


03.11.2016
Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz