Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Туберкулез

Туберкулез – кең тараған инфекциялық аурудың бірі. Планета бойынша өлім-жітім себептерінің тізімінде 1-ші орынға ие. Туберкулез барлық жерде тараған. Қазіргі уақытта ДДСҰ статистикасы бойынша туберкулезбен 9 млн. адам ауырып және осы аурудан 2 млн. адам көз жұмады.

Туберкулезді қоздырушы – туберкулез микробактериясы немесе оны бұрын «Кох таяқшасы» деп, оны ашқан ғалымның атымен атаған.

Инфекция ошағы науқас адам болып табылады. Туберкулезбен ауырған бір адам жылына 10-15 адамға жұқтырады.

Жұқтырудың негізгі жолы – ауа арқылы жұқтыру. Ауру науқас адамнан дені сау адамға жөтел, түшкіру,сөйлесу кезінде беріледі.

Негізгі диагностикалық әдістері: туберкулез бактерияларын анықтауға арналған қақырықты зерттеу, рентгенде тексеру және туберкулинодиагностика (Манту сынамасы)

Ертеде туберкулезбен тек кедейлер мен тұрмысы төмен адамдар ауырады деп санаған, бүгінгі күні бұл пікір өз күшін жойды. Кох таяқшасы адамның әлеуметтік мәртебесіне қарамайды және ауру халықтың барлық жоғары тобында кездеседі. Өйткені туберкулез микробактериясы ауруы ауа арқылы беріледі, ал ауа бізге ортақ. Өмір ағымының жылдамдығы, дұрыс тамақтанбау ағзаның қорғаныс күшін төмендетеді және аурудың дамуына ықпал ететін есеңгірету сәттері болып табылады. Өмір сүру жағдайы мен тамақтану сапасы, үйлесімді фон, дамыған әлеуметтік байланыстар ауруға үлкен әсерін тигізеді. 

Тұрғындарының санитарлық сауаттылығының төмендігі де ауруды тарату себептерінің бірі болып табылады. Адамдар өздерінің туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болғанын жасырады, уақытында тексеруден өтпейді, аурудың симптомдары байқалған жағдайда дәрігерге қаралмайды.

Туберкулездің дәрілік-тұрақтылық формалары туралы ақпараттандыру өте төмен.

Қазақстан – дәрілік-тұрақтылық формалы туберкулездің ауыр түрінен 22 елдің бірі болып табылады.

Бүгінгі күні туберкулездің қауіпсіздігі мынада: емдеу үзілген жағдайда оның жаңа, қауіпті тұрақты немесе күшті дәрігерлерді қабылдамайтын мультирезистенттік және суперрезистенттік формалары пайда болады.

Туберкулез ауруларының симптомдары мыналар:

  1.  · 2 айдан аса жөтел
  2.  · Тәбеттің жоқтығы
  3.  · Дене салмағының азаюы
  4.  · Жалпы әлсіздік
  5.  · Түнгі тершендік
  6.  · Дене қызуының болуы
  7.  · Кеуде тұсының ауруы
  8.  · Қан аралас қақырық

Егер сізде жөтелмен бірге жоғарыдағы симптомдардың бірі болған жағдайда тез арада дәрігерге қаралыңыз.

Дұрыс және уақытылы емдегенде туберкулезді толық емдеуге болады.

Тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.


04.11.2016
Дәрігерлердің мақалалары
Полезные советы
Оқиғалар күнтізбесі
Нет записей



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz