Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

«Жұлдызай» орталығында баспасөз конференция өтті

29.11.2016
15:50
298

Жаңаөзенде БЦС диагнозы бар балаларды оңалтудың бірінші курсы өтті. 29 қараша күні Жаңаөзен қаласында «Дені сау балалар» жобасын іске қосуға арналған баспасөз конференциясы өтеді, сондай-ақ кездесу барысында бірінші оңалту курстарының қорытындылары талқыланатын болады.

Осы баспасөз конференциясына облыс әкімінің кеңесшісі В.Трофимов, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның жауапты өкілі Б.Иманғалиев, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Л.Диас және Жаңаөзен қаласындағы «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығының үйлестірушісі Ә.Ниязмағанбет қатысты. Олар мүгедек балалардың ата-аналарына атқарылған жұмыстары мен келесі жылға жоспарланған жұмыстары жөнінде ақпаратты жеткізіп, олардың ұсыныстарын тыңдады.

Аталған жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен іске қосылды, жоба әкімшісі «BI Жұлдызай» Корпоративтік қоры.

Оңалту орталығы «Дені сау балалар» жобасы аясында 2016 жылдың 17 қазанында ашылды. Бұл көптен күткен оқиғаны қамқорлыққа мұқтаж балалардың ата-аналары ерекше ықыласпен күтті. «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларға білікті медициналық-әлеуметтік және психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында құрылған. Енді БЦС диагнозы қойылған балалар өздерінің туған Жаңаөзен қаласында медициналық және психологиялық көмек алатын болады. Мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 15 қаңтарында медициналық орталық есебінде 99 бала тұрды, ал соңғы мәліметтер бойынша есепте - 266 бала. Тек 2015 жылы «Жұлдызай» орталығында ортопедпен - 222 балаға, невропатологпен - 233 балаға, логопедпен - 109 балаға кеңес берілді. Нәтижесінде 2015 жылы Жаңаөзенде білікті дәрігерлермен 5 ота жасалды, солардың арасында балалар ортопеді литвалық Кестутис Санюкас бар.

Оңалту процесі 21 күн алады, «Дені сау балалар» жобасы аясында БЦС диагнозы қойылған 132 бала курстан өтеді деп жоспарлануда.

7 қараша күні «Дені сау балалар» жобасы аясында емделудің бірінші курсы аяқталды. Бірінші курстың қорытындысы бойынша 22 бала невропатологтан кеңес алып, физиологиялық емдеуден өтті. Сондай-ақ балалар массаж және емдік дене тәрбиесі курсынан өтті. Оңалтудың бірінші курсы оң нәтижелерін берді. «Жұлдызай» медициналық орталығының курсынан өткеннен кейін үш сәби өмірлеріндегі алғашқы қадамдарын жасады.

Баспасөз-конференцияның соңында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-атаналары демеушілерге өз алғысын айтып, оңалту орталығын штатын қажетті мамандармен кеңейтуге ұсыныс білдірді.

  • Ерлан ҚАЛИЕВ,
  • ОСӨСҚПО ЖҚФ қызметкері

Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz