Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Медициналық жаңа нысан ашылды

27.12.2017
19:45
90

Облыста Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде өз тәжірибесін дәлелдеп, емделушілер ықыласына ие болған дәрігер Бубновский емханалар желісінің Ақтаудағы орталығы ашылды. Медициналық жаңа нысан - омыртқа мен буын жолдары ауруларының алдын алу және оңалту қызметтерін жүзеге асырады. Орталық тәулігіне 80 науқасқа медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы. Дәрігерлік және медбикелік іс бойынша 12 маманды жұмыспен қамтып отыр. Ғимараттың құрылысына 700 мың АҚШ доллары жұмсалған.

Мемлекеттік емдеу-сауықтыру ұйымдарымен қатар, жекеменшік емханалардың бәсекеге қабілетті болуы - халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады. Сондықтан аймақта осындай ұйымдар жыл санап артуда. Соның бірі – «Нейрон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгін аталмыш орталық өрісін кеңейтті. 

Бүтіндей қос шағынаудан жұртшылығына 5 жылдан бері мемлекеттік сақтандырылған тегін медициналық көмек көрсететін жетекші орталық -  4 қабатты жаңа, заманауи  ғимаратта қызметін жалғастырмақ. 

«Нейрон» медициналық орталығында 285 маман халық игілігіне қызмет етуде. Оның 25-і арнайы шақыртылған дәрігерлер, 2 медицина ғылымдарының кандидаты. Сонымен қатар, жаңа ғимаратты пайдалануға беру арқылы, қосымша 50 жаңа бос жұмыс орнымен толықты. Қос медициналық нысанның ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы Ералы Тоғжанов: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Ұлттық жоспар мен бағдарламалар негізінде, елдегі медицина саласы дамудың жаңа көкжиегінде. Биылдан бастап Қазақстан аумағында Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске асырылса, медициналық көмектің сапасын арттырудағы басты құрал ретінде – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясы ұлғая түсуде. Аймақтағы емдеу-сауықтыру ісінде сақтандырылған тегін медициналық көмек негізінде бірқатар жекеменшік ұйымдар халыққа дәрігерлік көмек көрсетуді бастап кетті. Солардың қатарында, «Нейрон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әлеуеті зор. Бүгінде Ақтау қаласының 4 мыңнан астам  тұрғынын қамтитын медициналық кешен, жаңа ғимаратқа көшу арқылы бұл, көрсеткішті 15 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Атап өтетін бір жәйт, соңғы жылдары орталық балалардағы церебралды паралич сырқатына аса мән беріп, оңалту бөлімшесін ашты. Қызметтің сапасын бақылау мақсатында «Коол-орталық» жұмыс жасайды», - деді облыс әкімі.


Венера Мирлан

Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz