Жаңаөзендік дәрігерлер Наурызды айырықша қарсы алды
Түркі әлемі үшін ұлық мейрам – Наурыз тойын Жаңаөзендік ақ халаттылар сән-салатанатпен өткеруде. Мәселен, №2 Жаңаөзен қалалық емханасының дәрігерлері мереке шырайын келтіріп, Амал күнінен бастап қазақы киімдерін киген. 14 наурызда жаңа жылға аман жетуімен бірін-бірі құттықтап, төс қағысып көрісті. Ал, күн мен түн теңелер 22 наурыз қарсаңында дүбірлі шара ұйымдастырылған. Емхана жастары түрлі ұлттың биін билеп, әннен шашу шашты. Сонымен қатар, ұжым арасында қазақ және түркмен халқының салт-дәстүрлерінен театрлық көріністер көрсетілді.
- Бүгінгі шараға біздің дәрігерлер өте үлкен дайындықпен атсалысты. Бірі - бесік жырын айтып, бірі - қыз ұзату және өзге ұлттардың мәдениетінен сыр шертті. Қазақы жаңа жылымызды ерекше қарсы алу – әркімнің ақ парызы деп ойлаймын. Барша әріптестерімізді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! – деп, тілегін жеткізді №2 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Н. Самаликова.
Мереке қарсаңында емханада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен медбике Қ. Сапуанованы салтанатты түрде зейнетке шығару рәсімі өтіп, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.
ОДСБ баспасөз қызметі
-
12.04.201817:3188В Мангистауской областной больнице (МОБ) пройдут выездные консультации специалистов больницы медицинского центра Управления делами Президента РК. Приемы бесплатные. Об этом…
-
09.04.201819:2876Егер өткен жылы қатерлі ісік ауруларынан өлім саны 100 мың тұрғынға шаққанда 62,7 болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 55,7-ге дейін…
-
09.04.201819:2669Онкологиялық диспансер жылыту арқылы ісіктерді жоюдың жаңа әдісін енгізуді биылғы жылы бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы диспансердің бас дәрігері Нұрлан…