Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Жас пен кәріге шаттық сыйлаған күн

19.03.2017
10:29
222

Аузымызды аққа жарытып, көңілімізге қуаныш дарытқан – Наурыз мерекесі Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жоғары деңгейде аталып өтті. Аурухана ұжымы алты қанат ақ боз үй тігіп, айналасына алыстан-ақ шырай бергендей.

Салтанатты шараға Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. К. Оралбаева және бірқатар емдеу-сауықтыру мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты. Құрметті қонақтарды ұжымның жасы үлкен аналары ақ кимешегін киіп, шашу шашып қарсы алса, жас келіндер иіліп сәлем салды.

Жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімдері қазақы салт-дәстүрлерді дәріптеп, сырға салу, қыз ұзату, келін түсіру және бесікке салар рәсімдерін сахналады. «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар!» деп ырымдап, Наурыз-көже дайындалған. Сонымен қатар, бауырсақ пісіруден сайыс өткізілді.

- Мұндай шаралар Денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық ұжымдарда өткізілуде.

Біздің дәрігерлер бір жағадан – бас, бір жеңген – қол шығарып, мұндай мерекелерді айырықша атап өтеді. Әсіресе, тіршілікке жылулық сыйлап, жан берген – Наурыз мерекесінде жұмыстары қиын болса да, қоғамдық-мерекелік шараларды өткізуге дайын. Басқарма атынан барша қазақстандықтарды, маңғыстаулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біздің тілегіміз – елдің тыныштығы, жанның саулығы. Жыл берекелі де, мерекелі болғай! – деп, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. К. Оралбаева жылы лебізін білдірді.

Аурухана әкімшілігі өз жұмысын абыройлы атқарып жүрген, көп балалы және аз қамтылған отбасылы  бірнеше қызметкеріне Ұлыстың ұлы күнінде қайырымдылық жасап, көмек табыстады. Осы мереке қарсаңында ауруханадан жақында ғана кішкентайымен емделіп шыққан жас ана дәрігерлерге арнайы келіп, алғысын білдірді.

- Ұжымымызбен өте қуаныштымыз. Наурыз мерекесі қарсаңында тілейтін тілек көп.

Маңғыстау өңірі айырықша қарсы алатын жыл басын осылайша, салт-дәстүрмен  өскелең ұрпаққа дәріптеуіміз керек – деді, аурухананың бас дәрігері Қ. Діналиев.

Мерекелік шара өнерпаздардың ән-жырымен жалғасып, жас пен кәріге шаттық сыйлаған күн болды.


Б. Әнуарбек

ОДСБ баспасөз хатшысы

  • 17.10.2017
    12:00
    7
    Ағымдағы жылдың 16 қазан  күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық мекемесінің және Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті…
  • 13.10.2017
    11:25
    15
    2017 жылдың 13 қазанында Облысты салауаты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық мекемсінің Қарақия аудандық филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік сүт безі…
  • 13.10.2017
    16:25
    33
    Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті «Індеттік кезеңде тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу, диагностикасы, емдеу, індетке қарсы…
Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz