Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Жедел респираторлы вирусты инфекция және тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы

26.12.2018
09:00
109

Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және тұмаудың эпидемиологиялық маусымы басталғалы, яғни 1-ші қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін (01.10. 2018ж.– 20.12.2018ж.) барлығы 3 793 ЖРВИ, оның ішінде 3 жағдай тұмау аурулары тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші – 554,07. Бұл өткен эпидемиологиялық маусыммен (4495 ауру, көрсеткіші – 668,12) салыстырғанда 1,2 есеге төмен. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасова хабарлады.

Облыс көлемінде эпидемиологиялық маусым басталғалы 3 грипп вирусы (А/H3N2-3) тіркелді, көрсеткіші – 0,44. Бұл өткен эпидемиологиялық маусыммен (тіркелмеген) салыстырғанда 3 жағдайға жоғарлаған.

-Биылғы жылы қыркүйек айында тұмау ауруына қарсы вакцинаға жергілікті бюджеттен – 38 млн. 664 мың 450 теңге қаражат бөлініп, 45 000 доза көлемінде «Гриппол плюс» вакцинасы (өндіруші елі – Ресей) алынды.Тұмауға қарсы егумен барлығы 68 625 адам қамтылды, соның ішінде жергілікті бюджеттен 45 000 адам, спонсорлық көмекпен – 23 237 адам, ақылы түрде - 388 адам егілді. Барлық егілгендер арасында жүкті әйелдер саны – 3 124, медицина қызметкерлері – 5343. Егілген 14 жасқа дейінгі балалар – 17 298, ересектер – 51 327. Егумен қамтылу барлық облыс тұрғындарының егумен қамтылуының 10,0 %-ын құрады. Егілгендер арасынан вакцинадан кейінгі реакциялар және асқынулар тіркелген жоқ, - деді Гүлшат Шорбасова.

Сонымен қатар, облыс аймағында жыл сайын өндіріс орындарындағы жұмыс берушілер есебінен жұмысшыларды және олардың отбасы мүшелерін егумен қамтамасыз ету жүргізіледі.

Гриптің профилактикасы

Грипп – бұл ауа-тамшылы жолмен берілетін жедел жұқпалы дерт. Гриптің қатерлігі оның асқынуларында. Балалар үшін грипп ерекше қауіпті.

Әрбір күз және қыс айларында әдеттегідей гриптік жұқпалы дерт бой көтереді. Мектеп ұжымдарында грипп профилактикасының шараларын орындау ерекше маңызды.

Грипті Сізбен тығыз қарым-қатынастағы науқас адамнан жұқтырып алуға болады. Жұқтыру сәтінен бастап аурудың алғашқы белгілері өте тез бірнеше сағатта пайда болуы мүмкін. Профилактиканың ең тиімді әдісі індет басталмастан бұрын грипке қарсы егу жұмыстарын жүргізу (қыркүйек-қазан айлары). Балаларды егу емдеу мекемелерінде дәрігердің тексеруінен және рұқсатынан кейін жүргізілгені дұрыс.

Гриптің алғашқы белгілері

* Дене қызуының 390 С-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі;

* Бұлшықеттердің және сүйектердің сырқырауы;

* Бас ауруы;

* Әлсіздік, тез шаршағыштық;

* Түшкіру және құрғақ жөтел;

* Көздерінің қызаруы.

Індет кезінде профилактикалық шаралар

* Әрбір 2 сағат сайын мұрын шырышты қабаттарын оксолин мазімен майлап отырыңыз.

* Медициналық маска тағып жүріңіз. Әрбір 2 сағат сайын ауыстырып отыру үшін ондай маскалар әр адамда кем дегенде 3 данадан болуы қажет. Маскалардың күн сайын жуылып , екі жағы өтектеліп отыруын қадағалаңыз.

* Бөлмелерді және кабинеттерді кем дегенде әр ауысымда 3-4 рет желдетіп отыруыңыз қажет.

* Бөлмелерді және кабинеттерді шамасы келгенше жиі ылғалдап жуып отырған жөн.

* Пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш және де С витаминіне бай (орамжапырақ, қара қарақат, бүлдірген, лимон, апельсин, итмұрын, болгар бұрышы) тағам өнімдерін тұтыныңыз.

* Гриптің алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақыртыңыз.

* Грипп белгілері бар науқасты үйінде оқшаулаңыз.

Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz