Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Хабарландыру

08.04.2019
13:26
100

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директор лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін орны: Конкурс Ақтау қаласы 3 шағын ауданы 100 ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысысының денсаулық сақтау басқармасының 2 қабаты 212 кабинетінде өтеді. Телефон: 87292-30-20-38.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының орналасқан жері Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, телефоны: 87292-20-34-32.

Негізгі қызметі аудан көлемінднегі ересектер мен бала тұрғындарына сапалы және тиімді медициналық қызмет көрсету. Халыққа қол жетімді және уақытылы білікті медициналық көмек көрсетеді (алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім, "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесінің және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы немесе экономика және бизнес (экономика, менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы (заң немесе халықаралық құқық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі / ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәрежесінің және денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

  медициналық қызметті (дәрігерлік практика) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа түсу үшін қажетті құжаттар:

   1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

   2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

   3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

   4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы қосымша білімі, жұмыс өтілі, кәсіби дайындық деңгейі туралы ақпарат бере алады (біліктілігін жетілдіру, ғылыми дәреже, атақ тағайындалуы туралы құжаттардың, ғылыми басылымдарының көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылық ұсынымдары).

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Ақтау қаласы 3 шағын ауданы 100 ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысысының денсаулық сақтау басқармасының 2 қабаты 212 кабинетінде өтеді. Анықтама үшін телефон: 30-20-59


  • 08.04.2019
    13:27
    111
    Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директор лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.…
  • 08.04.2019
    13:26
    100
    Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директор лауазымына орналасу үшін конкурс…
  • 18.02.2019
    17:03
    377
    Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын…
Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz