Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

28.10.2015

Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 325 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген 2010 жылға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ перинаталдық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 746 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

Ж. Досқалиев



Денсаулық сақтау МинистрініңҚазақстан Республикасы

2010 жылғы 7 мамырдағы

№ 325 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі

нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарына сәйкес және перинаталдық көмек берудің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында әзірленді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі-ДДҰ) ұсынған тірі туу және өлі туу өлшемдеріне көшу босандыру тәжірибесінде жоғары тиімді халықаралық технологияларды қолдануды көздейді және оларды іске асыруға перинаталдық көмекті өңірлендіруді (бұдан әрі - өңірлендіру) жүргізуді көздейді.

2. Өңірлендіру - бұл әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге жүктілік пен босану барысының қауіптілік дәрежесіне сәйкес перинаталдық стационарлық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша медициналық босандыру ұйымдарын облыс масштабында бөлу.

3. Өңірлендірудің мақсаты жұмыс істеп тұрған босандыру жүйесінің мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланудың есебінен перинаталдық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

4. Өңірлендіру қағидалары бойынша көмек көрсету жүйесі медициналық қызметтерді босандыру және балалар медициналық ұйымдарының арасында парасатты және тиімді бөлуді білдіреді.

5. Әрбір облыс географиялық орналасуын, медициналық ұйымдардың кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын ескере отырып өзінің өңірлендіру схемасын әзірлеуі тиіс. Өңірде перинаталдық көмекті өңірлендіруді ұйымдастыру мынадай бірінші кезекті шараларды өткізуді қажет етеді:

1)босандыру ұйымдарың есепке алуын, оларда бар мүлікті тексеруін (кадрлық және материалды-техникалық, оның ішінде тасымалдау жүйесі), қуаттылығын бағалап анықтауын, медициналық көмек көрсетудің нақты міндеттері мен көлемдерін анықтаумен бірге перинаталдық көмек беру деңгейлері бойынша бөлуін жүзеге асыру.

2) қызмет көрсету аймағының картографиясын әзірлеу - өңірдің географиялық картасында нақты көрсетуімен:

- өңірдің алаңы (т.км.), аудан, қалалар атаулары және олардың ара қашықтығы (км);

- перзентханалардың (бөлімшелердің), нәрестелерге арналған арнайы бөлімшелердің саны, олардың перинаталдық көмек көрсету деңгейі, босанулардың, төсектердің саны, қажет болған жағдайда басқа да медициналық ұйымдарды;

3) денсаулық сақтау саласындағы жергілікті басқару органдары 2, 3- деңгейлердегі босандыру ұйымдарына жеткізілетін пациенттердің күтілетін ағымының болжамды есептеуін жүргізу.

4) өңір деңгейінде және перинаталдық көмек көрсетуге қатысты әрбір медициналық ұйымның деңгейінде әр нақты жағдайда өзара әрекеттесу, тасымалдау, хабарлау және т.б. әрекеттер бойынша нақты алгоритмдерді әзірлеу.

Тасымалданатын пациенттердің күтілетін ағымдарын есептеу үшін болжамды босанулардың саны, мерзімінен ерте және асқынған босанулардың, ауыр жағдайдағы нәрестелердің туу саны есепке алынады. Медициналық ұйымның сәйкес деңгейіне ауыстырылуын қажет ететін жүкті, босанатын, босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің саны орта есеппен 1000 босануға шаққанда 20 құрайды.

6. Жүкті әйелдерді босандыру ұйымдарына жоспарлы емделуге жатқызу алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (бұдан әрі - МСАҚ) медицина қызметкерінің жолдамасымен емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарлы саны шеңберінде (ақырғы көлем), қажет перинаталдық көмек көрсетудің тиісті деңгейіне сай және жүкті әйелдің еркін таңдауын есепке алуымен жүзеге асырылады.

7. Жүкті әйелдерді босандыру медициналық ұйымдарының жүкті әйелдер патологиясы бөлімшелеріне емдеуге жатқызу МСАҚ жолдамасымен осы Нұсқаулыққа қосымшаның 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

8. Жүкті, босанатын, босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді барынша жоғары дәрежелі босандыру және балалар медициналық ұйымдарына ауыстыруды Нұсқаулықтың қосымшасының 2-ші бөліміне сәйкес консультациялық - көлік қызметі (бұдан әрі - ККҚ) жүзеге асырады.

9. Гестация мерзімі 30 аптаға дейін жүкті әйелдер, босанатын әйел және акушериялық асқынуларсыз, постаборттық кезеңінде экстрагениталдық патологиясы, медициналық айғақтары бар әйелдер бейінді соматикалық бөлімшелерге емделуге жатқызылуы тиіс.

Жүкті әйелдерді бейінді бөлімшелерде бақылау және емдеу барысында аурудың ағымының ауырлығын бағалау тиіс, керек болғанда ана мен ұрықтың өміріне қауіпті есепке алумен жүктіліктің мерзімін ұзарту мақсаттылығын комиссия құрып шешу тиіс.

Әйелдің экстрагениталдық ауруын өңір деңгейінде емдеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, емделушіні республикалық медициналық ұйымдарына ауыстыруды (тасымалдауға қарсы көрсетімдер болмаған жағдайда) денсаулық сақтау саласындағы уәкіл органы бекіткен тәртіп бойынша құрылған комиссия шешуі тиіс.

10. Жоғары мамандандырылған көмек қажет ететін жүкті және босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелер денсаулық сақтау саласында уәкіл органымен бекітілген тәртіп бойынша республикалық ұйымдарға жіберілуі тиіс.

2. Босандыру және балалар медициналық ұйымдарында перинаталдық

көмектің деңгейлері мен көлемі

Бірінші деңгей:

11. Бірінші деңгейдегі ұйымдар жүктіліктің асқынулары жоқ және жедел физиологиялық босанған әйелдерге арналған.

12. Бейінді емес жүкті және босанатын әйелдер түскенде тиісті деңгейдегі ұйымға ауыстыруды қамтамасыз ету, ал шұғыл жағдайлар туындаған кезде жағдайын тұрақтандыру, қауіп деңгейін бағалау, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді жоғары деңгейдегі перзентханадан көлікті «өзіне» шақыру қажет.

13. Бейінді емес жүкті және босанатын әйелдерді бірінші деңгейде ауыстыру мүмкін болмаған кезде ұрық пен жаңа туған нәрестеге қауіпті жағдайлардың алдын алу, болжамдау, диагностикалау жүргізу қажет, босандыру әдісі туралы мәселені уақытылы шешу, балаға туған сәтте немесе шұғыл жағдайлар туындаған кезде алғашқы реанимациялық көмек кешенін көрсету қажет. Жоғары деңгейге ауыстыру мүмкіндігіне дейін жіті және демеу терапиясын жүргізуге және салмағы 2000,0 граммнан асқан, дем алу және қан айналымы функциялары тұрақты шала туған нәрестелерге күтім жасауға тиіс.

14. Бірінші деңгейдегі ұйымдардың негізгі жабдықтардан басқа жаңа туған нәрестелер мен әйелдерді реанимациялау құралдары, жабдықталған жіті терапия палатасы болуы тиіс.

Екінші деңгей:

15. Екінші деңгейдегі ұйымдар жүктілігі мен босануы асқынбаған, гестация уақыты 34 аптадан және одан артық мерзімінен ерте босанған әйелдерге және осы Нұсқаулыққа қосымшаның 1-бөлімінде белгіленген қауіптерге сәйкес жүкті, босанатын, босанған әйелдерге арналған.

16. Бейінді емес жүкті және босанатын әйелдер түскенде тиісті деңгейдегі ұйымға ауыстыруды қамтамасыз ету, ал шұғыл жағдайлар туындаған кезде жағдайын тұрақтандыру, қауіп деңгейін бағалау, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді жоғары деңгейдегі перзентханадан көлікті «өзіне» шақыру қажет.

17. Бейінді емес босанатын әйелді ауыстыруға мүмкіндік болмаса және салмағы 1500,0 кг аз сырқат нәресте туған жағдайда екінші деңгейдегі мекеменің міндетіне жоғарыда айтылған шаралармен бірге, үйлесімді медициналық көмек көрсету және шұғыл хирургиялық операцияларды қажет ететін аурулардан басқа, хаттамаларға сәйкес жіті терапия жасау кіреді.

18. Екінші деңгейдегі босандыру ұйымдарының негізгі құралдардан басқа, реанимациялауға қажет толық жинағы, ӨЖВ жүйелері, СРАР, кувездері бар реанимациялау және жіті терапия палатасы және клиникалық, бактериологиялық, биохимикалық зертханалары болуы тиіс. Штат кестесінде неонатологтардың тәуліктік постысы көзделуі тиіс.

Үшінші деңгей:

19. Үшінші деңгейдегі ұйымдар (Перинаталдық орталықтар, облыстық ауруханалар т.б.) перинаталдық патологиясы іске асырылу қаупі бар, гестация уақыты 22-33 апта + 6 күн мезгілінен ерте босанған әйелдерді, осы Нұсқаулықтың қосымшасының 1-бөлімінде көрсетілген өлшемдерге сәйкес қаупі бар жүкті, босанатын және босанған әйелдерді жатқызуға арналған. Бұл деңгейдегі ұйымдарға жүктілігі және босануы асқынбаған әйелдер де жатқызылуы мүмкін. Үшінші деңгейдегі ұйымдар мамандандырылған неонаталдық және акушериялық көмекті қажет ететін, төмен деңгейдегі ұйымдардан ауыстырылған жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, сырқат нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 1500,0 грамм және одан да кем шала туған нәрестелерге медициналық көмектің барлық түрін көрсетуге тиіс.

20. Үшінші деңгейдегі ұйымдар қазіргі заманғы перинаталдық технологияларды жетік білетін жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлерімен және қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтарымен, дәрілік препараттармен қамтамасыз етілулері қажет. Тәуліктік неонаталдық постысы, клиникалық, бактериологиялық, биохимикалық зертханасы, реанимациялау және жіті терапия палатасы, шала туған нәрестелерді күту және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелері болуы тиіс.

3. Босандыру және балалар медициналық ұйымдарына жүкті,

босанатын, босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді ауыстыру

тәртібі

21. Жүкті, босанатын, босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді барынша жоғары дәрежелі босандыру және балалар медициналық ұйымдарына ауыстыруды ККҚ жүзеге асырады.

22. ККҚ үшінші деңгейдегі босандыру ұйымның бас ғимараты жанынан ұйымдастырылып, тәулік бойы жұмыс істеуге тиіс. Әр ККҚ ұйымдастырылған жұмыс тәртібін, штатын, арнайы көлігін әзірлеуге және бекітуге міндетті, сонымен қатар тұрақты байланыс жүйесі, тіркейтін және хабарлайтын жүйесі нақты ұйымдастырылған диспетчерлік пункті болуы тиіс. Қажет болған жайларда ККҚ кәсіптік мамандар бригадасын қалыптастырады. Әр нақты жағдайда бригада құрамы қабылдаушы және жолдаушы жақтардың келісімі негізінде құралады.

23. Жүкті, босанатын әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді тасымалдау «өзіне» қағидасы бойынша ККҚ-нің көлігімен жүргізілуге тиіс. Жүкті, босанатын және босанған әйелдер жылыту жүйесімен жабдықталған арнайы көлікпен, ККҚ қызметкерлерінің міндетті алып жүруімен (дәрігер, акушер, санитар-жүргізуші), қажет болғанда шақырылған басқа мамандармен бірге тасымалданады. Жаңа туған нәрестелерді тасымалдау реанимобиль немесе жылыту жүйесімен, көлікті кувезбен, ӨЖВ аппаратымен жабдықталған арнайы көліктің, үйретілген қызметкерлердің міндетті алып жүруімен (дәрігер-неонатолог, мейірбике, санитар-жүргізуші), қажет болғанда шақырылған басқа да мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

24. ККҚ шақыру нәресте немесе әйел жатқан І, ІІ-ші деңгейлі босандыру ұйымының басшыларына жүктеледі. Ауыстыруды пациенттің халін, тасымалдау түрлерін тұрақтандыру бойынша іс-шаралар өткізу үшін ККҚ мен байланысатын, қабылдаушы ұйымды пациентті қабылдап алуға дайындайтын және қабылдаушы ұйым басшылығымен алдын ала келісімсіз жедел көмек көрсететін емдеуші дәрігер белгілейді. Ауыстыру алдында емдеуші дәрігер ата-анасына/туысқандарына медициналық құжатқа жаза отырып, мүмкіндігінше хабарланған тараптардың қолын ала отырып ауыстыру себептерін түсіндіреді, қабылдаушы ұйымның мекенжайын береді.

25. Пациентті жоғары деңгейдегі мекемеге ауыстыру мүмкін болмаса, оған консультациялық көмек берілуі және қажет болғанда сол жерде операциялық араласу жүргізілуі тиіс.

26. Медициналық құжаттар (жүкті әйелдің алмастыру картасы, жолдаушы мекеменің босану немесе сырқаттамасынан көшірме) уақтылы дайындалып, пациентпен бірге жөнелтілуі тиіс. ККҚ мамандары тасымалдау кезінде жағдайдың мониторингін сипаттайтын құжаттарды жүргізуге жауапты. Қабылдаушы жақ бірінші келген уақытты және консультант жазбасын айқындау керек (көрінуге келген себебін, жағдайының ауырлығын, берілген нұсқауларды көрсету). Тасымалдау уақытынан бастап емдеуге жатқызғанға дейін пациентке жауаптылық ККҚ мамандарына жүктеледі.

27. ККҚ жеткізілген пациент тез арада қабылдаушы ұйымның дәрігерімен (консилиумімен) тексерілуі тиіс.

28. ККҚ қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесі мол болуы тиіс, тасымалдау жағдайында әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және жіті терапия жасау әдістерін білуі тиіс, сонымен қатар келесі іс-шараларды жүргізуге міндетті:

Әйелге:

1) АҚ, ЖЖЖ, ДЖ, дене қызуының, оттегі сатурациясының, жатыр жағдайының, терең сіңір рефлексінің, ұрықтың ЖЖЖ мониторингін жүргізу.

2) инфузиялық терапияны, токолизді жүргізу.

3) гипертензиялық және құрысқақ жағдайларды тоқтату.

4) әртүрлі шұғыл көмек қажет ететін жағдайларда көмек көрсету, оның ішінде босандыру және реанимациялық шаралар.

Жаңа туған нәрестеге:

1) дене қызуының, ДЖ, ЖЖЖ, АҚ, оттегі сатурациясының (St) мониторингін жүргізу;

2) көліктік инкубаторда қызу мен ылғалдықтың, O2 шоғырлануының мониторингін қамтамасыз ету;

3) терапия көлемін, басталуы мен ұзақтығын есепке ала отырып, инфузиялық терапия жүргізу;

4) ӨЖВ шектері мен режимін қамтамасыздандыру;

5) Реанимациялық шараларды жүргізу.

29. ККҚ қызметкерлері көліктік кувез, ӨЖВ аппараты, монитор, инфузиялық терапия құралы (перфузор) секілді медициналық жабдықтарды пайдалана білуі тиіс. Көмек көрсету көлемі диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.

30. Әйелдерді тасымалдауға қажет жабдықтар мен дәрі-дәрмектер:

1) Рефлекстік балғашық

2) ӨЖВ көліктік аппараты

3) Кардиомонитор

4) Оттек баллоны

5) Перфузор

6) Электр сорғы

7) Өкпені қолмен желдетуге арналған қап

8) Әйелдерді реанимациялауға арналған жиынтық: ларингоскоп, интубациялық түтікше, ларингоскоп батарейкалары, ауаенгізгіштер.

9) Аспирациялық катетерлер: № 6, 8, 10 Fr

10) Босандыру жиынтығы

11) Бетаметазон, дексаметазон

12) Адреналин, дофамин

13) Магний сульфаты, инъекциялық фенобарбитал, фенитоин, диазепам.

14) Окситоцин

15) Токолитиктер

16) Ампициллин, пенициллин, гетамицин, эритромицин

17) Нифедипин

18) Физиологиялық ерітінді, 5%, 10% глюкоза.

19) Қан тоқтатуға арналған төсеніш

31. Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға қажет жабдықтар мен дәрі-дәрмектер:

1) Инкубатор

2) ӨЖВ көліктік аппараты

3) Кардиомонитор

4) Оттек баллоны

5) Перфузор/мөлшерлеуіш

6) Электр сорғы

7) Шала туған және мерзімінде туған нәрестелер үшін 2 өлшемдегі оттектік маскалар.

8) Жаңа туған нәрестелерді реанимациялауға арналған жиынтық: шала және мерзімінде туған нәрестелер үшін тік сыналы ларингоскоптар, әр өлшемдегі интубациялық түтікшелер, ларингоскоп батарейкалары.

9) Аспирациялық катетерлер: № 6, 8, 10 Fr

10) Адреналин, дофамин

11) Фенобарбитал, фенитоин, диазепам.

12) Ампициллин, пенициллин, гентамицин, эритромицин

13) Физиологиялық ерітінді, 5%, 10% глюкоза.


28.10.2015
Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz