Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Дәрігерлер Елбасы Жолдауына қолдау білдіруде

28.10.2015

    Медицина саласы қызметкерлерінің жиналысына қатысқан облыстық мәслихат депутаты Сағыныш Төралиев Жолдаудың басым бағыттары турасында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, халық қалаулысы Президент берген тапсырмалардың барлығы ел экономикасын дамытып, әлеуметтік саладағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты. Жиында сөз алған дәрігерлер де Жолдау бағыттарының орындалатынына сенім білдірді.

Алмабек Бисен, МО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

  -Елбасымыздың 11 қарашада жолдаған Жолдауын талқылау мақсатында біздің басқарма арнайы кесте дайындап, өңіріміздегі барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде-аудандарда, Жаңаөзен қаласында жиындар өткізіп жатыр. Оларға облыстық мәслихаттың депутаттары мен дәрігерлер қатысуда. Бүгінгі кездесуге 24 шағын аудандағы медициналық қалашықта орналасқан емдеу мекемелері: Маңғыстау облыстық ауруханасы, Маңғыстау облыстық перинаталдық орталық, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы, Ақтау қалалық №2 емханасы, Облыстық инфекциялық ауруханасында қызмет атқаратын дәрігерлер мен медбикелер қатысып отыр.

    Бұл Жолдаудың маңыздылығы-қазіргі дүниежүзілік дағдарыстың жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсарту, қиындықтардан қалай шығу, қаржы мәселесін қалай шешу деген-соның бәрін халыққа айтып түсіндіріп, медицина қызметкерлері, соның ішінде дәрігерлер бар, орта буын қызметкерлері бар, барлығымыз бірлесе отырып, талқылап, бірге шешу мақсатымен бас қосып отырмыз,-деді.

     Айта кететіні-Елбасы Жолдауын талқылауға, оған қолдау көрсетуге бағытталған осындай жиын бұдан кейін Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде ұйымдастырылды. Оған 1 шағын аудандағы  медициналық қалашықта орналасқан емдеу мекемелері: Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансері, облыстық психоневрологиялық диспансер, Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығы, Ақтау қалалық перзентханада қызмет атқаратын дәрігерлер мен медбикелер қатысты.

  Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасында өткен басқосуға қаладағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің дәрігерлері мен медбикелерімен кездесуге Облыстық маслихаттың депутаты М.Сарыев және Жаңаөзен қалалық маслихатының депутаты Б.Нурбасынова келді.

   Ал, Облыстық туберкулезге қарсы диспансер ғимаратында өткен басқосуға 50-ге жуық дәрігер жиналып, жолдаудың тиімді тұстары мен артықшылықтарын талқылады.

  Сонымен қатар Елбасы Жолдауына қолдау білдіруге арналған кең көлемді шаралар: Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған, Бейнеу және Қарақия аудандарында өтті. Оларда медицина қызметкерлеріне Жолдауды Мұнайлы аудандық маслихатының депутаты А.Шыршықбаев, Түпқараған аудандық маслихатының депутаты Г.Шалабаева, Маңғыстау облыстық маслихатының депутаты З.Нұржанова, Маңғыстау аудандық маслихатының депутаты Б.Құсымбаев, Қарақия аудандық маслихатының депутаты Е.Есенкосов түсіндірді. Кездесу кезінде дәрігерлер өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында елдің  әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосу үшін аянбай еңбек ететіндеріне сендірді.


28.10.2015
Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz