Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ресми интернет-ресурс

«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

14.11.2017

«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы  23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген  № 086/е нысан бойынша анықтамасы (бұдан әрі - анықтама).

Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратуды қабылдағаннан кейін – стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне сәйкес талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің бос уақытын таңдау мүмкіндігі ұсынылады.

2Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып стандарттың 7-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының құжаты мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін төленген түбіртек (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) дәрігер терапевт көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, стандартқа қосымшаға және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес талон береді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті алушы бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан  өтеді - орындау уақыты 7 (жеті) сағат;

3) дәрігер терапевт бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өту нәтижелерімен танысқаннан кейін, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген № 025/е нысан бойынша медициналық картасына «дені сау» немесе «сауықтыруды қажет етеді» деген көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы қорытындыны рәсімдейді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

4) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы дәрігер терапевттің жазбасымен танысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушының орындайтын жұмысқа денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қолы және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қойған анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі:

    1) дәрігер терапевттің дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне сәйкес талон беруі;

    2) бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтуі;

    3) дәрігер терапевттің қорытындыны рәсімдеуі;

    4) дәрігерлік сараптама комиссиясы төрағасының қорытындыны рәсімдеуі;

    5) анықтамаға бірінші басшысының қолы және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мөрін қоюы.

3Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

    1) дәрігер терапевт;

    2) бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық)  зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан кабинеттерінің қызметкерлері;

    3) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің  (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

    1) дәрігер терапевт көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес талон береді - орындау уақыты  15 (он бес) минут;

    2) көрсетілетін қызметті алушы бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан  өтеді - орындау уақыты 7 (жеті) сағат;

  3) дәрігер терапевт бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өту нәтижелерімен танысқаннан кейін, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген № 025/е нысан бойынша медициналық картасына «дені сау» немесе «сауықтыруды қажет етеді» деген көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы қорытындыны рәсімдейді - орындау уақыты  15 (он бес) минут;

  4) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы дәрігер терапевттің жазбасымен танысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушының орындайтын жұмысқа денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

   5) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қолы және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қойған анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

14.11.2017
Дәрігерлердің мақалалары



бүгін
ауа райы
бағамдар


Ақпараттық ресурстар
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Облыстық наркологиялық диспансер narkodispanser.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы cardiacsurgery.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері okvd.mangystau.kz
Облыстық стоматологиялық орталығы stom-mangystau.kz