Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Личный кабинет

Управление здравоохранения Мангистауской области

Официальный интернет-ресурс

Қатерлі ісіктердің алдын алу

Бүгінгі таңда ме­ди­ци­на са­ла­сы қарыштап да­мып келеді. Әлемде қаншама ар­найы ап­па­ра­ту­ра­лар шығарылып, адам­зат ба­ла­сы техниканың арқасында күрделі опе­ра­ция жа­са­тып, өмір сүруде. Алай­да, өкінішке қарай кейбір сырқаттың нақты емі әлі күнге дейін табылған жоқ. Соның бірі — қатерлі ісік. Мамандардың есептеулеріне қарағанда, елімізде жыл сай­ын осы дерт­ке ұшыраған 30 мыңдай адам анықталады.

Қатерлі ісік не­ден пай­да бо­ла­ды?

Ме­ди­ци­на тілінде «он­ко­ло­гия» гректің «қатерлі ісік» және «ілім» де­ген сөзін білдіреді. Ал «кан­цер» (рак не­ме­се обыр) терминін қолданысқа алғаш рет атақты ғалым Гип­по­крат енгізген. Ол обыр клеткаларының теңіз ша­я­ны сияқты шатасқан аяқтарымен адам денесіне жай­ы­ла та­рай­ты­нын анықтаған. Обыр клет­ка­сы адамның ба­сы­нан бақайшағына дейін кез­де­се береді. Тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лим­фа та­мыр­ла­ры арқылы ағзаның мүшелеріне та­рай­ды, не­ме­се ба­ла­лай­ды. Сөйтіп жы­лы­на 20 мил­ли­он адамның өмірін жал­май­ды. Осы қорқынышты көрсеткішті азай­ту жо­лын­да дәрігерлер қолдан келгенін істеп бағуда.

Негізі әр адам жы­лы­на бір рет денсаулығын тек­се­ру­ден өткізіп тұрғаны жөн. Жа­сы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адам­дар жы­лы­на бір рет қуық ас­ты және қалқанша безін, өңешін, асқазанын, 35-тен асқан әйелдер 5 жыл­да бір рет жа­тыр мойнының ісігін, 50-ден асқан әйел-ана­лар екі жыл­да бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы ке­рек. Ауру­ды ер­те анықтап, са­па­лы ем жүргізсе, тез сауығып кетеді. Әрбір адам өзінің денсаулығы үшін кем де­ген­де жы­лы­на бір рет тексерілгені аб­зал. Өйткені ауру алғашында біліне қоймайды. Ісік әбден өсіп, айналасындағы ағзаларды қысып, ауыр­та бастағанда ғана сезіледі. Егер ауру ер­те, І-ІІ са­ты­сын­да анықталса, 80 пай­ыз айығып ке­ту­ге мүмкіндік бар. Әрине, адам ауру­ды тілеп ал­май­ды. Ен­де­ше қатерлі ісік не­ден пай­да бо­ла­ды? Мамандардың ай­ту­ын­ша, өкпе ісігінің 35 пай­ы­зы темекі ше­гу­ден пай­да бо­ла­ды екен. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпты зат – бен­зо­пи­рен бар. Күніне 20-30 та­лын шек­кен адам­да ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Со­дан ісік ту­ын­дай­ды. Бен­зо­пи­рен қуық қатерлі ісігін де ту­ды­ра­ды екен.

Ал енді өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды – шай­ды, кофені, май­лы сор­па­ны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шай­на­май жұтудан, күйдірген май­ды бірнеше рет қолданудан бас­та­ла­тын көрінеді.

Сүт безіндегі қатерлі ісік әйелдің жы­ныс мүшесінің со­зыл­ма­лы ауру­ла­ры, тұқымқуалаушылық, жиі күйзелу мен гор­мон­дар деңгейінің бұзылуынан бас­та­ла­ды. Сондықтан әйелдер мүмкін бол­са сүт бездерін ай­ы­на бір рет тек­се­ру­ден өткізгені жөн.Қатерлі ісіктің тағы бір түрі бар, ол адам бой­ы­на туа са­лы­сы­мен бітеді. Мұндай жағдай көбіне жүктілік кезінде тый­ым салынған дәрі-дәрмекті қолданудан бо­ла­ды.Со­ны­мен қатар күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелер нәтижесінде терінің қатерлі ісігі пай­да бо­ла­ды. Сондықтан 17 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді күн сәулесіне күйдірмеген аб­зал. Әсіресе, күндізгі сағат 11 мен кешкі сағат 5-6 аралығында ультракүлгін сәулелер көп бөлінеді. Бұл уақыт аралығы тіптен қауіпті. Жас ұлғая ке­ле оның за­рда­бы­нан теріде қатерлі ісік пай­да бо­луы әбден ықтимал.

Міне, қай жағдайға қарасаңыз да қауіпті ісіктің ту­ын­да­у­ы­на өзіміз себепші бо­ла­ды екенбіз.

Қатерлі ісіктің ал­дын қалай ала­мыз?

• Үнемі бір түрдегі азықтарды пай­да­лан­бау;

• Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән бе­ру;

• Аса тоя тамақ же­меу;

• Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сы­ра ішпеу. Өйткені сыраның құра-мын­да көп мөлшердегі көмірқышқыл га­зы болатындықтан, асқазандағы көмірқышқылы-ның мөлшерін одан әрі ар­т­ты­рып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.

• Темекіні шек­тен тыс, тіпті мүлдем тарт­пау;

• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды же­меу;

• Шек­тен тыс шар­ша­мау;

• Көңіл күйді көтеріңкі ұстау;

• Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;

• Еңбек ету мен де­ма­лу тәртібін сақтаңыз;

• Де­не шынықтыру белсенділігін ар­т­тырыңыз.

Ісікке қарсы тұра ала­тын А, С және Е дәрумендерін, се­ле­на, фо­лий қышқылын, ет мөлшерін қысқартып, балық және құстың етін, балластық заттарға бай азық-түліктерді көбірек пай­да­ла­ну — әрбір адамның саулығының кепілі.

Негізінде, қатерлі ісік дертіне қарсы тұрудың бірінші жо­лы – бұл ауру­ды ер­те са­ты­да анықтау үрдісі. Қазір осы бірінші бағытты Қазақстан ме­ди­ци­на­сы тереңінен меңгерді де­сек те бо­ла­ды. Дерт­пен күресудегі екінші бағыт – бұл дертті ем­де­ген кез­де ең тиімді ем жа­сау жо­ба­сын қолдану. Мы­са­лы, қатерлі ісік дертін емдеудің үш түрлі жо­ба­сы бар. Оның біріншісі – ота­лау, яғни опе­ра­ция жа­сау, екіншісі – түрлі сәулелермен ем­деу жо­ба­сы, үшінші жо­ба – бұл химиялық жол­мен ем­деу. Дерт­пен ауырған адамға осы жо­ба­лар­ды тиімді пайдаланудың өзі дерт­ке қарсы им­му­ни­тет қалыптастыра ала­ды.

 Атам қазақ «Ауы­рып ем іздегенше, ауыр­май­тын жол ізде» деп дәл айтқан. Сондықтан әр адам ең ал­ды­мен өзінің денсаулығына қарап, жылына бір рет (скринингтік) медициналық профилактикалық тексеруден өткені дұрыс.  Са­ла­у­ат­ты өмір салтын ұстанайық.

Өтегенов Бауыржан

Мұнайлы аудандық онколог дәрігері  


18.02.2016
Статьи врачей



сегодня
погода
курсы


Информационные ресурсы
Мангистауский областной онкологический диспансер onko.mangystau.kz
Департамент комитета контроля медицинской и фармацевтической деятельности МЗ РК по Мангистауской области medfarm-aktau.kz
Мангистауский областной перинатальный центр mopc.kz
ПХВ «Мангистауский областной центр по профилактике и борьбе со СПИД» antispid.kz
ГККП "ОБЛАСТНОЙ ЦЕНТР КРОВИ" МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ mangystau-ock.kz
Областной Центр проблем формирования здорового образа жизни Управления здравоохранения Мангистауской области zozh.mangystau.kz
Областной наркологический диспансер narkodispanser.kz
Медицинский центр Управления делами Президента РК mcudprk.kz
Национальный научный центр материнства и детства nrcmc.kz
Республиканский детский реабилитационный центр rdrc.kz
Национальный научный кардиохирургический центр cardiacsurgery.kz
Национальный центр нейрохирургии neuroclinic.kz
Областная детская больница Мангистауской области detbol.mangystau.kz
Мангистауский областной кожно-венерологический диспансер okvd.mangystau.kz
Областной стоматологический центр stom-mangystau.kz