Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Личный кабинет

Управление здравоохранения Мангистауской области

Официальный интернет-ресурс

Тұмаудың алдын алу

Күз айларында ауа райының суытуына байланысты барлық адамдар жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруымен жиі сырқаттанады. Тұмау – эпидемия және пандемия түрінде кең таралған, клиникалық ағымы ұзақ емес жіті респираторлық вирусты инфекция. Күз айларында басталып, желтоқсан-ақпан айлары аралығында тұмаумен ауыратын науқастар саны көбейе түседі. Күз мезгілінде еліміздің барлық емханаларында аталмыш инфекциямен күресу және алдын алу шаралары жүргізіледі. Осы тұрғыда, Жаңаөзен қалалық №1 емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Жанна Жұмадиевамен сұхбаттасқан едік.

Жанна Жұмадиева, №1 Жаңаөзен қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері:

Тұмаудың ең тиімді алдын алу әдісі – вакцина егу.

-  Күз-қыс айларында туындайтын тұмау ауруларынан қалай қорғанамыз? Күз мезгілінде иммунитет неліктен әлсірейді?

-  Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирусты ауруы. Ауа райының өзгеруіне, күннің күрт сууына байланысты адамдар арасында тез таралып, жиі кездеседі. Күз мезгілінде адам организмінде қажетті витаминдердің жеткілікті мөлшерде болмауына байланысты иммунитет төмендейді. Иммунитеттің әлсіреуіне әкелетін тағы бір себеп – дұрыс тамақтанбау. Қоршаған ортаның адам ағзасына берер пайдалы ресурстары мен тамақтану арқылы түзілетін дәрумендердің жетіспеуі салдарынан адам бойында әлсіздік пайда болады.

-  Тұмау ауруының алдын алу жолдары қандай?

-  Ең тиімді алдын алу әдісі – аталмыш вируспен толықтай күресе алатын тұмауға қарсы вакцина. Тұмауға қарсы вакцина егілген адамдарда инфекция жеңіл өтеді, асқынулар мен өлім-жітім жиілігі азаяды. Иммунитет көтеріп, тұмаудан сақтану үшін вакцина егуге қолайлы уақыт -қазан, қараша айлары. Вакцинаны алты айлық сәбиден бастап, жас шамасын шектемей ересектерге де егуге болады. Егуден кейін иммунитет 2 күннен 7-15 күн аралығында қалыптасады және ол ағзаны вирустан 6 айдан 12 айға дейін қорғайды. Сонымен қатар, әрбір адам өздігінен дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысып және таза ауада жиі серуендеуі қажет. Кез келген адам аталмыш вирусты жұқтырмау үшін тұмаумен ауыратын науқастардан бойын алшақ ұстауы тиіс.

-  Үйде және жұмыс орындарында қандай сақтық шараларын жасау қажет?

-  Ауа райының бірден өзгеріп, адам ағзасының әлсірейтін шағында тазалық гигиенасын қатаң түрде сақтау қажет. Бөлме ішінде комфортты температура болған жөн. Киер киім мен ішер астың да жағдайын қадағалау керек. Үйде және жұмыс орнындағы бөлмелерді жиі желдендіріп, ылғалды түрде жинастырып отыру тиіс. Ауа райына сәйкес киінуді ұмытпаған абзал.  

-  Балаларды қалай қорғаймыз? Егер ауырып қалғанын байқасақ не істейміз? Алғашқы көмек ретінде қандай дәрі-дәрмек беруге болады?

-  Тұмаудың мұрын бітелу, тамақ қарлығу, бас ауруы, түшкіру, температура жоғарылау, қалтырау, әлсіздік секілді басты белгілері байқалса, дереу учаскелік дәрігерге көрініңіз немесе жедел жәрдем қызметін пайдаланыңыз. Тіптен мүмкіндік болмаған жағдайда, температура көтерілсе алғашқы көмек ретінде парацетамол таблеткасын қолдануға болады. Одан әрі, өздігінен емдеу шараларын жасамауға кеңес береміз. Қоғамдық ортаға шыққанда балаларды қорғау үшін мұрын және мұрының шырышты қабатын оксолин майымен майлау қажет.

-  Тұмау ауруының асқынуы қаншалықты зиян?

-  Тұмау ауруы дер кезінде емделмесе, аурудың асқынып кету қаупі бар. Тұмау вирусы уақытында оқшауланып, емдеу ісі жүргізілмесе, пневмония, отит, бронхит секілді ауруларға өтіп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, тұмау белгілері байқалса, дер кезінде дәрігерге жолығу қажет.

-  Бұндай кездерде ағзаға не қажет? Қандай тағамдарды тұтынуға кеңес бересіз?

-  Құрамы дәрумендерге бай тағамдарды пайдаланған жөн.

-  Сұхбатыңызға рахмет!


ОСӨСҚПО  баспасөз хатшысы 

16.10.2017
Статьи врачей



сегодня
погода
курсы


Информационные ресурсы
Мангистауский областной онкологический диспансер onko.mangystau.kz
Департамент комитета контроля медицинской и фармацевтической деятельности МЗ РК по Мангистауской области medfarm-aktau.kz
Мангистауский областной перинатальный центр mopc.kz
ПХВ «Мангистауский областной центр по профилактике и борьбе со СПИД» antispid.kz
ГККП "ОБЛАСТНОЙ ЦЕНТР КРОВИ" МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ mangystau-ock.kz
Областной Центр проблем формирования здорового образа жизни Управления здравоохранения Мангистауской области zozh.mangystau.kz
Областной наркологический диспансер narkodispanser.kz
Медицинский центр Управления делами Президента РК mcudprk.kz
Национальный научный центр материнства и детства nrcmc.kz
Республиканский детский реабилитационный центр rdrc.kz
Национальный научный кардиохирургический центр cardiacsurgery.kz
Национальный центр нейрохирургии neuroclinic.kz
Областная детская больница Мангистауской области detbol.mangystau.kz
Мангистауский областной кожно-венерологический диспансер okvd.mangystau.kz
Областной стоматологический центр stom-mangystau.kz